• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 16 Желтоқсан, 2020

Жұртшылықпен жүздесті

223 рет
көрсетілді

ADAL партиясынан Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер еліміздің түкпір-түкпірінде кездесулер өткізіп, аймақ тұрғындарымен кездесуде.

Кездесу барысында ADAL пар­тия­сының экономика секторларын дамы­тудың жаңа идеялары, әртүрлі санаттағы азаматтарды қолдау жөніндегі ұсыныстары, көпшілікті толғандыратын өзекті проблемалар талқыланды.

Павлодар облысында бірқатар кездесу өтті. Жиындар негізінен көше бойларында және сауда орындарында ұйым­дастырылды. Мәселен, Шідерті ауы­лында болып қайтқан Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылықтары туралы айтып берді.

Ауыл тұрғындары болса науқастардың дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сынды бірнеше мәселемен шағымданды. Олжас Ордабаев бұл мәселелер партияның бақылауына алынатынын хабарлады.

Екібастұз қаласының тұрғындары несие мәселесіне тоқталды. Ақмарал Бек­мыр­заева партияның проблемалық несиелерге рақымшылық жасау ұсынысы туралы айтты.

Кездесу барысында Олжас Ордабаев еліміздің әрбір тұрғыны партияның веб-сайты арқылы кез келген аймақты дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге, ел­ді мекендердің бюджеттері туралы ақпа­рат алуға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Жиынға келген көп балалы аналар­дың бірі кәсібін кеңейту жолдарын сұрады. Спикер партияның көп балалы отбасылардың пайдасына жұмыс істеп жатқандығын баса айтты. «Әрбір көп балалы әйел тек АӘК-ке сеніп қана қоймай, өз бизнесін дамыта түсуі керек, бұл үшін партияның нақты ұсыныстары бар және адамдарға кәсіпкерлік механизмдерін жүзеге асыруға көмектесуге дайын», деді Олжас Ордабаев.

Ақсу қаласының тұрғындары білім сапасын арттыру және кәсіптік бағдар беруде көмек көрсету мәселелерін көтерді. Үміт­керлер сайтта студенттерге білім­дерін тексеруге және университет таңдау туралы шешім қабылдауға көмектесетін қызмет бар екенін айтты.

Одан әрі кездесу Көктөбе ауылын­да жалғасты. Кездесулер соңында депу­тат­тыққа кандидаттар әр азаматтың пікірі, оның өтініштері партия үшін маңызды екенін айтты. Осының арқасында мін­деттер қалыптасады және оларды шешу тетіктері түзіледі.

Ал Алматы облысында депутаттыққа кандидат Ләззат Шыңғысбаева сайлаушылармен кездесті. Ол Түймебаев ауылының Ашыбұлақ ауылдық округінде шеге шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесіп, Өтеген батыр және Қапшағай қаласының тұрғындарымен әңгімелесті.

Ләззат Шыңғысбаева жақында іске қо­сыл­ған сайт арқылы аймақтар тұр­ғын­да­ры­ның барлық мәселесінен хабар­дар еке­­нін айтты. Тұрғындар елді мекен­­дер­ді абаттандыру мәселелерін көте­ріп, ADAL партиясының жоспарын талқы­лады.

Кейбір тұрғындар партияның сайлау алдындағы уәделерді ұмытып кетуі мүмкін екенін ескертті. Бірақ Л.Шыңғысбаева ADAL партиясынан  депутаттыққа үміткерлердің барлығы сайлаушыларының мүддесі үшін күреседі деп жауап берді. Спикердің айтуынша, команда мықты әрі жігерлі жастардан құралған. «Әр кандидат өз саласының маманы, қоғам үшін әртүрлі үлкен, маңызды істер атқарып жүр», деді кандидат.

Шымкент қаласында да жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Оған ADAL партиясынан Парламент Мәжілісі депу­таттығына үміткерлер Мақсат Толықбай мен Алмасбек Садырбаев қатысты.

Мақсат Толықбай партия бағдар­ла­ма­сы туралы айтып берді. Сұрақ­тарға жауап бере отырып, партия бағ­дар­ламасында медицина саласы мәселелері қарасты­рыл­ғанын еске салды. «Біз Парламентке өтсек те, өтпесек те үгіт-насихат кезеңі аяқтал­ғаннан кейін минис­трліктермен және әкім­діктермен бірлескен жобалық кеңс­е­лер құрылады. Олар партия бағдар­ламасын жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істейтін болады», деді үміткер.

Парламент Мәжілісінің депутатты­ғына үміткер Ардақ Назаров білім беру бағдарламасына жаңашылдық енгізу қажеттігін еске салды. Оның айтуынша, спорт мектеп тәртібі деңгейінде тоқтамай, жоғары деңгейде дамуы керек.

Фермерлермен кездесу барысында Алмасбек Садырбаев АӨК пен бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

Партия мүшелері Тараз қаласындағы «Тараз-Ғасыр» колледжінде жастармен кездесті. Ардақ Назаров оларға өзі туралы, балалық шағы, спорттық мансабын қалай бастағаны туралы айтып берді. «Еңбекқор болу маңызды. Тек еңбек арқылы ғана табыс пен молшылыққа қол жеткізуге болады», деп атап өтті ол.

ADAL партиясынан Мәжіліс депу­тат­тығына кандидат партиялық бағдар­ламаның басымдықтары туралы да сөз етті. Аймақ жастарының тұрғын үй, спорт­та өзін өзі дамыту және спорттық инфра­құ­рылымды жақсарту туралы не ойлай­тынын біле отырып, Ардақ Назаров бағдар­ламаның осы бағыттарға арналған тармақтары туралы егжей-тегжейі айтып берді.