• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздіктің бір құрдасы – тәртіп сақшысы

289 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторы қызметін үздік атқарып жүрген капитан Ринат Омаров Тәуелсіздік құрдастарының бірі. Оның ішкі істер органдарында қызмет ете бастағанына 6 жыл болды. Ісіне тыңғылықты, адамдармен оңай тіл табысатын ол өз участогында құрметке бөленген. Оның қызмет көрсететін участогы - вокзал аймағы – қаладағы әр түрлі адамдар көп жүретін аудандардың бірі. Ринат ішімдік ішкен адамдармен даулы сәттер жиі туындайтынын атап өтеді. Қазір учаскелік инспекторлар тасымалды бейнетіркегіштермен жабдықталғаннан бері дауларды шешу оңайырақ бола бастаған.

Қазір әрбір инспектор мәліметтер базасына оңай кіріп, бұзушының басқа да жазалары бар-жоқ екенін тез анықтайды. Бұған дейін учаскелік полиция қызметкерлері мұндай ақпаратты телефон арқылы алған. Енді қылмыскердің ЖСН енгізу жеткілікті, экранда қажетті ақпарат пайда болады. Сондықтан хаттамаларды толтыру уақыты айтарлықтай қысқарды.  «Вокзал маңының ерекшелігі, - дейді Ринат, - мұнда жанжал шығарушылар, бұзақылар және бұрын сотталғандар көп. Олардың әрқайсысымен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Вокзал маңы аумағында жалға берілетін пәтерлерге ерекше көңіл бөлінеді, олардың саны 50-ге жуық. Біреуі өте қиын болды, көршілері жастардың түнгі жиындарына, кіреберісте үнемі бейтаныс адамдардың болуына жиі шағымданды. Бірнеше рет пәтер бюросының әкімшілігімен сөйлесуге тура келді. Мәселе осы пәтерді ұзақ мерзімге жалға берілген кезде ғана шешілді. Содан бері сол кіреберісте тұратын адамдар тыныш ұйықтап, шағымданулар тоқталды».

«Біздің қызмет жүздеген оқиғалардан тұрады. Сіз әр минут сайын күтпеген жағдайға дайын болуыңыз керек. Тәуелсіздіктің құрдасымын деген ой - көп нәрсеге міндеттейді. Айналада болып жатқан оқиғаларға жауапкершілік қарау менің қатарластарыма ана сүтімен дарыған деп білемін. Мен барша қазақстандықтарды басты мемлекеттік мерекемен құттықтай отыра, бұл мереке бәріне күш пен шабыт беретін қайнар көз болып қала берсін», - деді ол сөзінің соңында.

 

Солтүстік Қазақстан облысы