• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Мерекеде Қызылордада жаңа нысандар ашылды

234 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік мерекесінде Сыр елінде бірқатар жаңа нысандар ашылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына сапарлап, аудандық оқушылар үйін пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

– Сіздерді аудандық оқушылар үйінің ашылуымен құттықтаймын. Жаңа нысанда өнерлі ұландар тәрбиеленіп, ауданның мәдени дамуына зор үлес қосады деп сенемін. Мұнда балғындар түрлі үйірмелерге қатысып, өз шығармашылықтарын шыңдайтын болады, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Нысанның құрылысы 2019 жылдың мамыр айында басталған. Сыйымдылығы 250 адамға лайықталған оқушылар үйінің құны 282,1 млн. теңге. Бас мердігер «SСS Инжиниринг» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтады.

Сондай-ақ, Сыр еліндегі Шижаға елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа медициналық ғимарат 15 бөлмеден тұрады. Қазір мұнда 15 қызметкер жұмыс істейді. Жаңа нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген. 

Сонымен қатар бүгін аудандағы Шөміш елді мекенінде кеңейтіліп және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген ішкі су желісі пайдалануға берілді. Аталған су желісінің ұзындығы 11,9 шақырымды құрайды. Ауыз су жүйесі «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан. Шөміш ауылының ақсақалы Қосмырзалы Шаханов ел игілігіне бағытталған игі іс көпшілікке қуаныш сыйлағанын айтып, облыс әкіміне алғысын білдірді.