• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Желтоқсан, 2020

Ең бай-қуатты тұлғалардың тізімінде бес спортшы енді

256 рет
көрсетілді

Forbes журналы 2020 жылдың қорытындысы бойынша материалдық тұрғыдан ең көп табыс тапқан тұлғалардың тізімі жариялады. Солардың қатарында бес спортшы бар.

Спортшылар қауымы арасындағы ең бай-қуаттысы Роджер Федерер екен. Биылғы жылы атақты Швейцарияның теннисшісі 106,3 миллион АҚШ доллары мөлшерінде табыс тауып, Forbes тізімінде үшінші орынға жайғасты. Төртінші және бесінші орындарда жасыл алаңда жасындай жарқырап жүрген қос жұлдыз – Криштиану Роналду мен Лионель Месси табан тіреді. Португалиялық футболшы 105 миллионға байыса, аргентиналық сұрмергенінің одан бір милионы ғана кем.

Сондай-ақ, мол олжаға кенелген спортшылар тізімінде бразилиялық футболшы Неймар (7 орын, 95,5 миллион) мен америкалық баскетболшы Леброн Джеймс (9 орын, 88,2 милион) сынды саңлақтар бар.