• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Желтоқсан, 2020

Мұз айдынында – арулар

355 рет
көрсетілді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама сайыстары аяқталды.

Бұл жаттығуда алғашқы күш орынды да алматылық арулар иеленді. Бірінші орында – Мария Гречаная. Көш бастаған спортшы қыз 53,11 ұпайды олжалады. Екінші орынды Ажар Жұмаханова иеленді. Ажардың қоржынында – 46,70 ұпай. Үшінші сатыға Анастасия Лобанова жайғасты. Ол 44,67 ұпайды еншіледі. Ал төртінші және бесінші орындарға Нұр-Сұлтан қаласының қос өкілі – Нұрия Сүлеймен (40,40 ұпай) мен Ясимн Текик (39,88 ұпай) табан тіреді.