• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында жол қозғалысы уақытша шектелді

672 рет
көрсетілді

Бүін сағат 10:00 шамасында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1824-2057 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Түркістан облысына дейін) барлық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысының ҚАПБ және полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының  жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС мамандарымен бірлесіп автожолдар жағдайын тексерді.

Көлік құралдарының қозғалысын шектеу үшін ПД ЖПҚБ патрульдік полициясы ротасының 5 экипажы, Шиелі ауданы полиция бөлімінің 40, сондай-ақ Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің 13 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, "Қазавтожол" ЖШС-нің 12 арнайы техникасы мен 24 қызметкері «Самара-Шымкент» автожолының мұз басқан учаскелеріне тайғаққа қарсы жалпы салмағы 120 тонна материал төседі.

Тексеру кезінде жол бойында 3 автокөліктің аударылғаны, бір көліктің металл қоршауларға соққаны анықталды. Күре жолдағы тайғақ салдарынан тағы бір автокөлік жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысқан.   Автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бақылауға алынды.