• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

Көк байрақ құрметтелген күн

489 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік мерекесіне орай Қарағанды облысында «Менің туым. Менің Отаным!» бұқаралық челленджі өтті. Іс-шара барысында тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына Қазақстан туы ілінді. Аталған акция сани­тар­лық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйым­дастырылды.

16 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қарағанды қаласында басталған «Менің туым. Менің Отаным!» челленджі облыстың Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Саран және Шахтинск қалаларында жалғасын тапты.

Челлендж барысында кеншілер астанасындағы «Қарағанды» қонақ үйінің балкондарына 20-ға жуық ту ілініп, жастар аталған челленджді Балқаш қаласына жолдады.

Сонымен қатар 17-18 желтоқсан күндері Абай ауданында 20-ға тарта автокөліктермен авто-мотошеру ұйымдастырылды. Облыстың Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудан­­­дарында жастар атқа қонып, ту көтеріп, басты көшелерде чел­лендждің көрігін қыздырды. Атал­ған челленджге тұрғындар зор қызы­­ғушылық танытып, әлеуметтік желі­лерде де жаппай қолдауға ие болғанын айта кеткен ләзім.

Сондай-ақ 17-18 желтоқсан күндері облыстың қалған қалалары мен аудандары аталған челленджді жалғастырды.

Акция аясында «Табысқа бас­тайтын жол» онлайн-челленджі, «Менің туған өлкем. Өркендеу мен табыс серпіні» онлайн-марафоны ұйымдастырылды. Об­лыс­қа танымал, тәуелсіздікке елеу­лі үлес қосқан белгілі қазақ­стан­­дықтардың, еңбек арда­гер­­ле­рі­нің, жастар өкілдерінің бей­не­құттықтаулары әлеуметтік желі­лер­де, LED экрандар арқылы көр­се­тілді.

 

Қарағанды облысы