Бұл күндері Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей жарыстың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Ерлер арасындағы бәсекеде алматылық Михаил Шайдаров топ жарды. Нұр-Сұлтан спортшысы Диас Жиренбаев күміске қол жеткізсе, Дмитрий Карупхин қола жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасында Мария Гречания Қазақстан чемпионы атанды. Ажар Жұмаханова екінші орыннан көрінсе, Анастасия Лобанова үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, әйелдер арасында жеңіс тұғырына шыққандардың барлығы Алматы қаласының спортшылары.