• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Желтоқсан, 2020

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ: Стратегиялық шешімдер уақыты

138 рет
көрсетілді

Қазақстанның энергетикасы заманауи әлемдік трендтер, атап айтсақ цифрландыру, энергия тиімділік, энергия үнемдеу, өндірістің экологиялық тазалығы мен «жасыл» басымдықтармен бірге өзгеріп, дамып жатыр. Осы негізгі түсініктер елдегі ірі энергия холдингтерінің бірі – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметін де сипаттап отыр.

Акционерлік қоғамның қуат өндіретін ұйымдары былтырғы өсу қарқынын сақтай отырып, осы жылдың он айында 24 083 млн кВт*с энергия өндірген. Бұл елдің жалпы көрсеткіші, яғни 87 186 млн кВт*с қуаттың 28%-на жуықтайды. Солай бола тұра, холдинг өз тәжірибесінде қазақстандық энергетиктердің жасыл экономикаға қарай бастаған қозғалысын қолдап отыр. Былтыр акционерлік қоғамда іс жүзінде Қазақстан энергетикасының болашағын қалыптастыратын цифрлы, тиімді, экологиялық жобалар басталып, аяқталды.

Айта кетейік, 13 жыл бұрын құрылған акционерлік қоғамға Екібастұздың екі ірі ГРЭС-і (МАЭС), «АлЭС» АҚ, Мойнақ және Шардара су электр стансалары, көмір өндіретін озық кәсіпорындар – Қазақстанда өндірілетін көмір нарығының 40% ие «Богатырь Көмір» ЖШС-сі қарайды. Өндіріс көлемі мен энергия көздерінің түрлері бойынша холдинг елдегі энергетика саласының барлық сегментінде жұмыс істей отырып, саланы реформалау мен қайта жаңғыртуға өз үлесін қосып келеді.

Мәселен, АҚ жүзеге асырып отырған қуат жиілігін автомат­ты түрде ретттеудің жүйелі жо­бас­ы ел үшін стратегиялық ма­ңызға ие. Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Цифрлы трансформация бағдар­ламасы аясында жүзеге асып жатыр және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қосылған. Осы жоба аясында «Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де құрылыс-мон­таж­дау жұмыстары жүріп жатыр.

2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара су электр стансасын толық модернизация­лау бағдарламасын аяқтады. Жобаға 38 млрд теңге инвестиция салынды. Қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде су электр стансасының қызмет ету мерзімін 45-50 жылға дейін ұзартып, өндірілетін қуат көлемі жылына 480-нен 537 млн кВт*с жеткізуге мүмкіндік туып отыр.

Тағы бір маңызды жоба – «Богатырь» кен орнынан көмірді  қазып алудың циклдік-ағынды технологиясын дамыту. Қазба жұмыстары тереңдеген сайын, көмірді темір жолмен тасудың қазіргі кестесі тиімсіз бола бастады. Оның үстіне тау-кен құрылғылары да ескіргендіктен, осы модернизацияны бастау туралы шешім қабылданды. Жоба 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Көмірдің дәуірі өткен жоқ, бұл модернизация тек осы саланың қоршаған ортаға тигі­зіп отырған жағымсыз әсерін азайтуға мүм­кіндік береді.

Қазақстанның ірі энергия хол­дингінің құрылымында таза киловаттарды өндіруге мүмкіндік беретін баламалы энергия көздері де дамып келеді. Мысалы, «Самұрық-Энерго» АҚ екі жел электр стансасының құрылысын бастады. Біріншісі – қуаттылығы 60 МВт, ал болашақта 300 МВт-қа жететін Шелек дәлізінде. Жоба Алматы облысының Еңбек­шіқазақ ауданында жүзеге асады. Құрылыс-монтаждау жұ­мыстары басталып кетті.

 Стансаның параметрлері жоғары: ол тез ауысатын климатта да (-30...+43 С), 10 балл сейсмикалық жағдайда да, ІІ класты жел кезінде де жұмысқа қабілеттілігін сақтайды. Жел трубиналары техникалық және экологиялық сипатқа ие.

«Жел турбиналық генераторы жүйелері» IEC 61400-series халықаралық стандартына да сай келеді.

Екінші жел электр стан­­са­сы Ақмола облысы Ерейментау ауданын­да орналасқан. Станса­ның аумағында 11 жел энергия құ­рыл­ғыларын орнату жоспарла­нып отыр, олардың жиынтық қуаты 50 МВт болады. Жаңа жел электр құрылғылары шығаратын электр қуаты елдің Ұлттық электр желі­леріне түсіп отырады.

2020 жылы холдинг жос­парланған негізгі көрсеткіштерге қол жеткізбек. Атап айтсақ «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жылына 42 млн тонна көмір өндіру қуаты болғанда, АҚ-ның биылғы көмір өндіру көлемі 43 млн тонна көмір болады деп болжанып отыр. АҚ бойынша электр қуатын өндірудің жалпы көлемі 30,7 млрд кВт*с көлемінде жоспарланған, бұл межелі көрсеткіштерге сай келе­ді және былтырғы көрсет­кіш­тен 2% көп. 2021 жылы 32,2 млрд кВт*с көлемінде энергия өндіру көзделіп отыр, яғни биылғы көрсеткіштен 5% көп болады.

2020 жылы COVID-19 пан­де­миясына байланыс­ты, бү­кіл әлемдегі проблема «Самұрық-Энерго» холдингінің энергия кәсіпорындарын да сырт айналып өткен жоқ. Осы жылдың 10 айында холдингтің компаниялар тобында коронавирус жұқтырған 154 адам тіркелді. Төтенше жағдай жарияланған кезде, одан кейінгі карантин кезін­де энергия кәсіпорындарында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барынша сақтық шаралары жарияланды. Бірақ энергетиктер штатты режімде жұмыс істеп, халыққа үздіксіз түрде электр қуатын, жылу мен ыстық суды жет­кізіп отырды. Бұл коронави­рус эпидемиясы қазақстандық энергетиктердің жоғары білікті маман екенін көрсетіп, саланың кез келген жағдайда тез жұмыла жұмыс істей алатынын байқатты.

«Самұрық-Энерго» АҚ биыл қаржылық тұрақтылыққа да қол жеткізді. Еске сала кететіні, небәрі екі жыл бұрын «Самұрық-Энерго» қаржылық тұрақтылық бойынша «қызыл аймақта» еді. АҚ-ның менеджерлері қабыл­даған шаралар арқылы компания несиелік тәуекел бойынша «жасыл аймаққа» шыға алды.

Жылдың алдын ала қоры­тын­­дысына зер салсақ, компания­ның стра­тегиялық мақсаты ай­қын, мін­­деттелген межелер­ге жету үшін сенімді өндіріс­тік, тех­ни­­ка­лық-технологиялық жә­не қар­­жы­лық базасы жолға қойылған.