Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте алты адам коронавирустан, төрт адам пневмониядан қайтыс болды.
Сонымен қатар өткен тәулікте тағы 652 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазіргі уақытта 25 350 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 146 584 адам коронавирус жұқтырды.
Өткен тәулікте Қазақстанда 25 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бастап Қазақстанда 44 мыңнан астам адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды.