• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

Атырауда түнгі тыныштықты бұзған 1500 адам жауапкершілікке тартылды

541 рет
көрсетілді

Атырауда жыл басынан бері түнгі тыныштықты бұзған 1500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Учаскелік полиция инспекторлары облыс орталығында жалға берілетін 1800-ге жуық пәтерді тексеріп, салық органдарына тіркелмеген 500-ден астам пәтер иелерін анықтады. Сондай-ақ түнгі тыныштықты бұзған 1500-ден астам тұлға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен жауапкершілікке тартылды.

«Пәтерлерді тәулікке, сағатқа жалға алушылардың түнгі тыныштықты бұзатыны туралы жергілікті тұрғындардың тарапынан шағым көп түседі. Атырау қаласының СМП шағын ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 33 жастағы азамат көршілерінің  түнгі тыныштықты бұзғаны жөнінде полицияға хабар берді. Тексеру кезінде пәтерді тәулікке жалға алған 4 азаматша анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен (Сағат түнгі 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.