«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзгерістер «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі ҚР Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында енгізілді. Оларды қабылдау әуе кемелеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының нышандарына (эмблемаларына) жазуларды жазу жөніндегі талаптарды ретке келтіреді.