Ыстамбұлға барып келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл азаматтардың ПТР анықтамасы болмағандықтан, сынама алу үшін стационарға жатқызылған еді. Осылайша, олар елге келгенде ғана дертке шалдыққандарын білді. Ал кеше Қазақстан аумағына 18 халықаралық рейспен 2008 жолаушы келген. Тиісті медициналық құжаты жоқ 237 адам карантинге алынып, тестіден өтті. «Қазір қорытындысын күтуде», - деп хабарлайды Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.