Ресейде өткен тәулікте 28 948 адамнан коронавирус анықталды, оның ішінде 18,4 пайызында індет белгілері жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 511 адам қайтыс болды, ауруханалардан 20 мыңнан астам науқас шығарылды. Атап айтқанда, Мәскеуде 4790 адам, Санкт-Петербургте — 2326, Мәскеу облысында — 1098 адам індеттен айығып, ауруханадан шығарылды.
Көктемнен бері Ресейде коронавирус жұқтырған 2 848 377 адам тіркелді, олардың 50,9 мыңнан астамы қайтыс болды, 2,28 миллион адам емделіп шықты.