• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

27 желтоқсанда Триатлон паркте жеке жүгіруден жарыс өтеді

182 рет
көрсетілді

27 желтоқсанда Триатлон паркте «Вирусқа спортпен соққы береміз» жеке жүгіруден жарыс өтеді. Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей, 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд.

«50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00 - ден, 40-49-дағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастайды. Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам», - делінген хабарламада.

Барлық сұрақтар бойынша 8 777 555 5707 нөміріне хабарласуға болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон Федерациясы (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді.

Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, Нұр-Сұлтан қаласының «Триатлон Федерациясы» ҚБ, «Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ, «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.