Келесі жылғы қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлағанбыз.