• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2020

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды

743 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті.

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгінгі күннен бастап банктің толық атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;

- орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»;

- ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank».

қысқаша атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ;

- орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;

- ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».