• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

Атырауға Ресейден келген жеті адамнан коронавирус табылды

208 рет
көрсетілді

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың мәлім етуінше, Ресей Федерациясының Астрахань облысынан 6 қазаннан бері шекарадағы өткізу пункті арқылы 13 мыңнан астам адам келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оның ішінде 1 656 адамда – 210 жолаушы мен 1446 жүргізушіде ПТР-тесттен өткені туралы анықтама болған жоқ. Олардың бәрі  карантиндік стационарға жатқызылды. Ал, 6 жүргізуші мен бір жолаушының ПТР-тест қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Науқастың бәрі емделуге жіберілді» дейді Амантай Жұмағалиев.

Ал шетелден Х.Доспанова халықаралық әуежайына келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.