• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

Еліміздің 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

402 рет
көрсетілді

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда 22 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады.

Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. 22-23 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%. 22 желтоқсан күні түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.