• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2020

Трампқа тең келер қарсылас болмады

218 рет
көрсетілді

Англияның Милтон-Кинс қаласында снукерден жүлде қоры £380,000 болатын World Grand Prix 2020/2 додасы мәреге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тартысты өткен турнирдің финалдық ойынында әзірге әлемнің ең мықты снукершісі Джадд Трамп пен Джек Лисовски күш сынасты. Бұл жекпе-жекте Трамп дәл қазіргі уақытта өзіне тең келер қарсылас жоқтығын дәлелдеп, Лисовскиді 10:7 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, ол әлемдік рейтингтегі  көрсеткішін 1 854 500 ұпайға жеткізіп, көшбасшылық орынын нығайта түсті, әрі жарыс жеңімпазы ретінде 100,000 фунт стерлингті (55 998 152,86 теңге) жамбасқа басты.

Ал Джек Лисовски болса, финалда өнер көрсеткені үшін £40,000 жүлделей сыйлыққа иелік етті. Сонымен қатар әлемдік рейтингте 284 750 ұпай жиып, 14-сатыға көтерілді.