• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2020

5 жасқа дейінгі балалар арасында вирусты жұқтыру жағдайлары көбейген

468 рет
көрсетілді

Жедел мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың желтоқсан айының басынан елімізде 5 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 365 жағдайы және 6-18 жас аралығындағы балалар арасында 780 жағдай тіркелген.

Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жұқтыру деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіш – Қостанай облысында, 77 фактісі анықталған. Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында бір фактіден тіркелген. Ал Қызылорда облысында желтоқсан айының басынан 5 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ-ді жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.⠀6 жас пен 18 жасқа дейінгі КВИ жұқтырған балалардың басым бөлігі Павлодар облысында тіркелген, 3 апта ішінде 165 бала індетті жұқтырған. Және Шығыс Қазақстан облысында 147 факті, Қостанай облысында 120 және Нұр-Сұлтан қаласында 108 жағдай тіркелген. Маңғыстау және Түркістан облыстарында екі жағдай анықталған. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында аталған кезең арасында бұл санаттағы балалар арасында КВИ жұқтыру дерегі тіркелмеген.⠀Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанудың 49 оқиғасы тіркелді. Олардың басым бөлігі Ақмола облысында орын алғаны анықталды (16 факт). 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында індеттің 88 жағдайы тіркелген, ең көбі – Шығыс Қазақстан облысында (10 жағдай) орын алған.