• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Желтоқсан, 2020

Алматыда көліктен қару табылды

243 рет
көрсетілді

Алматы қаласында қаруы бар көлік жүргізушісі құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Лада Приораны" "Буран-161" патрульдік полиция экипажы Ангарская көшесінде таңғы сағат бесте ұстады. Жүргізуші мен жолаушының өзін өзі ұстауы полицияға бірден күдікті болды.

"Көліктен 16 және 17 калибрлі екі тегіс ұңғылы мылтық, "РГД-5" гранатасының екі муляжі, патрондар мен қаптамалар табылып, тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Көлікте төрт ер адам болған, олардың біреуі бұрын қарулы бұзақылық жасағаны және адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған", дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Ал осы уақытта "102" басқару пультіне оқ жарақатын алған үш жігіттің көмек сұрап қаладағы медициналық мекемелердің біріне жүгінгені туралы хабарлама келіп түседі.

"Күдіктілер тұтқындаудан сәл бұрын жанжал нәтижесінде үш қарсыласын қарумен жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, бірден қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық істің материалдарына мына баптар бойынша қосылды: ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі енгізілді. Қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу барысында кесілген кесектердің шығу тегі мен меншігі анықталады", деді Дархан Мұсанов.