• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 21 Желтоқсан, 2020

Президент бірқатар заңға қол қойды

466 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия банктерінен 1,5 миллиард еуро қарыз туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы "Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды. СOVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар және шығыстарды қолдау бағдарламасы екені көрсетілген. Кредит сомасы 661 миллион 800 мың еуроны құрады.

Сонымен қатар президент "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (жай операциялар) ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Кредит сомасы 908 миллион 596 мың еуроны құрады.

Айта кетейік, 10 желтоқсанда сенат Қазақстанның Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро қарыз алу келісімдерін ратификациялады.

Соңғы жаңалықтар