• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

Алматыда есірткі сатқан қылмыстық топ анықталды

186 рет
көрсетілді

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласында «гашиш» есірткісін сатумен және таратумен айналысқан жеті адамнан тұратын топ ұсталды.

«Біздің бөлімнің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімімен тіркелген қылмыстық іс шеңберінде А. есімді азаматтың Алматы қаласының аумағында бола тұра, есірткі заттарды заңсыз сақтау және сату мақсатында 2018 жылдың қарашасынан 2020 жылдың ақпанына дейін ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік етті», деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Аталған факт бойынша қылмыстық ұйымның ұйымдасқан тобын құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу, қылмыстық істері ҚР ҚҚ-нің 262 бабының 1 және 2 бөлігі бойынша тіркелді.

Ұсталғандардан бір травматикалық тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық, жалпы салмағы 4 келі 868,38 гр болатын «гашиш» есірткі заты тәркіленді.

Ұсталған адамдарға қатысты мына баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:

ҚК-нің 262-бабы, 1.2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ұйымдастыру) – екі қылмыстық іс; ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-3-бөлігі (Есірткі сату) – 22 қылмыстық іс; ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткіні аса ірі көлемде сақтау) – екі қылмыстық іс; ҚР ҚК-нің 287-бабы, 2-бөлігі (Атыс қаруын заңсыз сақтау) – екі қылмыстық іс; ҚР ҚК-нің 302-бабы 2-бөлігі (Есірткі жасайтын жерді ұстау) – бір қылмыстық іс.

 

Соңғы жаңалықтар