• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

Петропавл полицейлері рейд өткізді

203 рет
көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында Петропавл полицейлері пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуына қарсы рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен пиротехникалық бұйымдарды еркін сатуға тыйым салынған. Өйткені, сертификатталмаған бұйымдар қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты оларды сақтаудың белгілі бір талаптары бар. Олар көбінесе заңсыз сатылым кезінде сақталмайды. Жарамсыз отшашулар оқыс оқиғаға апарып соғуы мүмкін.

«Желтоқсанның 15-нен бастап қаладағы базарлар мен дүкендерде 6 тексеріс жүргізілді. Ашық аспан астында отшашу сатқан екі қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабы «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша материал жиналды», дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы құрамындағы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы полиция майоры Мейрам Шарышев.

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы кезеңі желтоқсанның 15-і мен 24-і аралығында, екінші кезеңі 26 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында өтпек.