Жаркент қаласындағы жекеменшік балабақшада өрт шықты. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға "Дана Бала" балабақшасында болған. Мекеме асханасының шатыры жанып кеткен. Өрт 40-45 минутта ауыздықталды.
"Өрт аумағы 90 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді", - деді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Отты ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылған.