• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Желтоқсан, 2020

Бактиерді жоғары бағалады

89 рет
көрсетілді

Ресейдің «Чемпионат» интернет-порталы биылғы жылдың жазындағы футболдан айтулы мемлекеттің Премьер-лигасында жасалған ең үздік транс­ферлердің тізімін жариялады.

«ТОП-10» ойыншының қатарында Бактиер Зайнутдинов та бар. Бұған дейін «Ростовта» өнер көрсеткен Жамбыл футбол мектебінің түлегі биылғы тамыз айында ЦСКА-ның жейдесін киді.Сол кездегі оның трансферлік құны 2 миллион еуроны құрады. Мәскеуге келген бетте ол бірден өрелі өнерімен көзге түсіп, көпшілік назарын өзіне аударды. Ең бастысы, жерлесіміз әмбебап ойыншы ретінде бірауыздан мойын­далды.

Сонымен қатар үздік трансферлер ті­зіміне Герман Онугха («Тамбов»), Даниил Фомин («Динамо»), Хван Ин Бем («Рубин»), Джордже Деспотович («Рубин»), Резиуан Мирзов («Химки»), Денис Глушаков («Рубин»), Артем Тимофеев («Ахмат»), Кэнто Хасимото («Ростов») және Даниил Лесовой («Арсенал») сынды ойыншылар еніп отыр.