• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2020

Коронавирус пен пневмониядан тағы он адам қайтыс болды

91 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте алты адам коронавирустан, төрт адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар бір тәулікте 739 адам коронавирус жұқтырды. Пандемия басталғалы 147 975 адам инфекция жұқтырып, 2 200 адам көз жұмды, 132 427 адам жазылды.

Бір күнде 190 адам пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 44 604 адам пневмониямен ауырды, 479 адам қайтыс болды. 32 347 адам жазылып шықты.

Қазір 25 126 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 4 384 адам стационарларда, 20 742 адам амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

Науқастардың ішінде 250 адамның жағдайы ауыр, 47 науқас аса ауыр жағдайда жатыр.

44 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Соңғы жаңалықтар