• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2020

Теңіз кенішіндегі стационарда 364 науқас жатыр

253 рет
көрсетілді

Атырау облысы әлі де «қызыл аймақтан» шыққан жоқ. Өткен тәулікте мұнда 62 адамның  короновирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

«Науқастардың арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Теңіз кенішінде 30 жұмысшы қауіпті індетті жұқтырды. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 3, Индер ауданында – 4, Құрманғазы ауданында – 3, Исатай  ауданында 1 адам Сovid-19 инфекциясына шалдықты. Коронавирустың симптомды белгісі 17 науқаста белгілі болды»  деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Қауіпті індетке шалдыққандардың арасынан үй жағдайында ем-дом алып жатқандардың саны 254 адамды құрап отыр. Облыстық инфекциялық стационарда 84, аудандардағы стационарларда 16 пациент емделіп жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда  364 науқас жатқызылған.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам  емделіп шықты.