Бүгін, 22 желтоқсан сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңа жылдық шыршалары жанады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. Хабар телеарнасы "Ғажайып шырша" қысқаметражды фильмін 19:50-де көрсете бастайды, ал 20:00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жарықтандыруға арналған дайындалған бейнеролик көрсетіледі.
Он минуттық фильмнің өзі бірнеше новелладан тұрады: игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар.
Сондай-ақ 22 желтоқсанда "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.
Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.