Кеше қызылордалық полицейлер «Қызылорда-Жезқазған» тас жолында жол ережесін бұзған Мицубиси Галант маркалы автокөлігін тоқтатады.
Тексеру барысында автокөліктің салонынан ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакеті алынды. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы бір келіге жуық кептірілген марихуана екендігін анықтап отыр.
Оқиға орнында ұсталған күдікті Жезқазған қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазір осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.