• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2020

Жастарға – жайлы жатақхана

179 рет
көрсетілді

Атырауда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында энергетика және құрылыс колледжінің студенттері үшін 100 орындық жатақхана ашылды. Жаңа жатақхана Елбасы – Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында бой көтерген еді.

Оның құрылысына «Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы арқылы қаржы бөлді. Төрт қабатты жа­тақхана бөлмелері күнделікті тұрмысқа қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда студенттермен бірге жас отбасылар да тұра алады. Әр қабатта 4 теледидар мен 12 автоматты кір жуу машинкасы бар.

– Өңірдегі 24 техникалық және кәсіптік білім беретін колледж­дерде 15 мыңнан астам сту­дент бі­лім алады. Олардың жатақханаға сұранысын 2022 жылға дейін шешуді көздеп отырмыз. Елба­сы­ның «Бес әлеуметтік бастама» Үндеуіндегі тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы арнайы жол картасы қабылданды. Соның аясында екі жатақхананың құрылысы аяқталды. Ал Атырау қаласы және Индер мен Жылыой аудандарында колледж жатақханалары салынып жатыр, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Қазір аталған колледжде 773 сту­дент оқиды. Оның 189-ы – ауылдық елді мекендердің жастары. Сондай-ақ инженер-оқыт­у­шылар құрамындағы 93 маманның жиырмасы өзге өңірлер мен ауылдардан келіпті.