Алматыда тұрғын үйді жалға берген жеке кәсіпкерлерден бюджетке 1,8 млрд. теңге түсті. Алматы қаласы салық департаментінен хабарланғандай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсу қарқыны 11 айда 128 пайызды құраған немесе 400 млн. теңге артық түскен.
Алматыда тұрғын үйді жалға берген жеке кәсіпкерлерден бюджетке 1,8 млрд. теңге түсті. Алматы қаласы салық департаментінен хабарланғандай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсу қарқыны 11 айда 128 пайызды құраған немесе 400 млн. теңге артық түскен.
Кеше Қызылордада облыстық соттың 75 жылдығы аталып өтті. Оның барысында Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми облыстық сот кеңсесіне мерекелік сый ретінде 6 автокөлік пен 3 пәтер тапсырса, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс әкімдігі атынан 2 автокөлік тарту етті.
Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудандар әкімдері есеп берулерін бастады. Премьер-Министрдің тапсырмасында көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы баяндалатын бұл есептерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия қабылдап жатыр.
Жамбыл облыстық әкімдігінде бос орындарға ашық конкурс өткізілді. Оған жастары 24-39 аралығындағы 21 талапкер тілек білдіріп, солардың 19-ы тестілеуге қатысты. «Мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер арасында талантты жастардың көп екеніне көзіміз жетті», – деді осыған орай облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Рахматілда Рахманбердиев.
Бүгін Қостанайдан Шымкентке дейін тіркеме вагон бірінші рет сапарға шығады. Әуелгіжолын№238Қостанай-Қарағанды пойызымен бірге бастайтын ілкі қадам өзін-өзі ақтаса, жаңа жылдан бастап жаңа бағыттар қатарына қосылады.
Атыраудан солтүстікке қарай Жайық бойымен жаңа жол салынады. Бұл кеше облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов өткізген Атырау қаласының 2045 жылға дейінгі бас құрылыс жоспары тұжырымдамасын талқылау жиыны кезінде белгілі болды.
Ақтаудың теңіз жағалауындағы жаңа тұрғынжай ауданын жарықтандыруға қосымша қаржы қаралды. Бұл туралы мәлімдеген қала экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ада Ким осы жұмыстар үшін үнемделген қаржы есебінен 56 млн. 579 мың теңге ақша бөлінетінін айтты.
Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.