• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Желтоқсан, 2020

Теңіз кенішіндегі стационарда 400 науқас жатыр

971 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар әлі азаяр емес. Қазір мұндағы инфекциялық стационарда 400 науқас ем алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Өткен тәулікте өткен тәулікте 59 адамда коронавирус инфекциясы ПТР арқылы расталды. Науқастардың арасында Атырау қаласынан 12 адам бар. Бұған қоса Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 3, Индерде – 4, Құрманғазы ауданында 5 адамның қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды. Ал Теңіз кенішінде 31 жұмысшы коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 19 науқаста қауіпті індеттің симптомды түрі анықталды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Үй жағдайында 220 адам ем-дом қабылдап жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 102 науқас, аудандардағы стационарларда 18, Теңіз кенішіндегі стационарда жатқан  пациенттер 400-ге жетті.

Өткен тәулікте 83 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.