• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

Жеделхат

310 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа

Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданының еңбеккерлері биыл астықтан мол өнім алды. Мал басы көбейіп, ет, сүт өнімдері де артып отыр.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа

Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданының еңбеккерлері биыл астықтан мол өнім алды. Мал басы көбейіп, ет, сүт өнімдері де артып отыр.

Аудан тұрғындары ел газеті «Егемен Қазақстанның» әр санын асыға күтеді. Елбасының саясатын насихаттап, елімізде болып жатқан өркенді өзгерістерді күн сайын бас­пасөзде жариялап отыратын ба­сы­лымның таралымы ауданда жыл сайын өсіп келеді. Бүгінге дейін газеттің 1500 данасына оқырмандар таңдауын жасап, жазылып үлгерді. Жыл аяғына дейін ауданда газет тиражы 2 мың данаға жететіні сөзсіз, себебі, ұстаздар мен дәрігерлер сыр­ласатын, ақыл-кеңесін алатын Ота­нымыздың бас газетін асыға күтеді, өздеріне қажет деректерді табады.

Серік ЗАЙНУЛДИН,

Үржар ауданының әкімі, «Құрмет» орденінің иегері.

Шығыс Қазақстан облысы.

* * *

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері еліміздің бас газетінің тұрақты оқырмандары болып табылады. Жоғары журналистік мәдениет көрсете отырып, газет қызметкерлері еліміздің саяси, экономикалық, мәдени өмірінің маңызды оқиғаларын объективті түрде жарыққа шығарады. Еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз және келесі 2014 жылға біздің университет ұжымының мүшелері «Егемен Қазақстан» газетінің 282 данасына жазылғандығын қуана хабарлаймыз.

Басылымның барлық қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілейміз және әрі қарай да табысты ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деген сенім білдіреміз. Жазылу жалғасуда.

Еркін КӨБЕЕВ,

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университетінің ректоры.

Соңғы жаңалықтар