• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

Канададағы кездесулер

304 рет
көрсетілді

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарында ресми сапармен болып, бірқатар ресми адамдармен екіжақты келіссөздер жүргізген еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Канадаға сапары аясында бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарында ресми сапармен болып, бірқатар ресми адамдармен екіжақты келіссөздер жүргізген еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Канадаға сапары аясында бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді.

Сенат спикері Ноэль Кин­селламен кездесу бары­сында А.Дауылбаев құқық­тық саладағы ынтымақ­тас­тықтың келешегін тал­қы­лады. Қазақстан мен Ка­нада арасында достық пен өзара тиімді қарым-қаты­нас орнағандығына қанағат­та­нушылық сезіммен назар бөлген әңгімелесушілер бұл сапардың әріптестіктің одан әрі дамуына, екі елдің құқықтық жүйелерінің даму тәжірибелерімен алмасуға жасалған маңызды қадам екендігін атап өтті.

Қазақстан прокуратура­сы­­ның қадағалаушылық және құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берген Бас прокурор қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру орайында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударылып отырғандығына тоқталды.

Канада әзірге Қазақстан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімшарт жасасқан Америка құрлығындағы жалғыз мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта қол қойылған келісімшарт ратификациялануға әзірлену үстінде.

Канаданың Азаматтық және иммиграция министрі Крис Алек­сандэрмен кездесуі барысында Бас прокурор көші-қон процесін құқықтық реттеу саласындағы канадалық тәжірибені зерделеуге мүдделілік танытты.

Канада Әділет министрі­нің бірінші орынбасары­ және Бас прокуроры Уи­льям­ Пинтнимен кездесу­ бары­сында трансұлттық ұйым­дасқан қылмыспен, есірт­кі­нің заңсыз айналымымен, ки­берқылмыстылықпен жә­не терроризммен күрес сала­ларындағы өзара іс-қимыл­дың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар