• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Желтоқсан, 2020

ЕЭК пен ЕАЭО жұмысшыларды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімді бекітті

113 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2019 жылғы 20 желтоқсандағы ЕАЭО еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім нормаларын қолдану жөніндегі уәкілетті органдардың, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің құзыретті органдарының және Комиссияның өзара іс-қимыл тәртібін бекітті, деп жазады Egemen.kz

Құжат ЕАЭО елдерінің зейнетақы және денсаулық сақтау органдары мен жұмысшыларға зейнетақы тағайындау және төлеу жөніндегі комиссияның өзара іс-қимылын, Одақтың бір мемлекетінен екінші мемлекетке зейнетақыны экспорттау механизмін, сондай-ақ зейнетақы мақсатында жұмысшыларды медициналық тексеруден өткізуге байланысты мәселелерді реттейді.

Бастапқы кезеңде мұндай өзара іс-қимыл Одақ елдерінің ақпараттық ресурстарын іске қосқаннан кейін ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдана отырып цифрлық өзара әрекеттесуге көшу арқылы қағаз жүзінде жүзеге асырылады. Бұл еңбек қызметі туралы ақпаратты растауға байланысты жұмысшылардан ауыртпалықты алып тастайды.

​​