• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Желтоқсан, 2020

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өсті

875 рет
көрсетілді

Мемлекеттің басты міндеті – қазақстандықтардың өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2005 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің бірыңғай тұрғын үй саясатын жалғастыру.

2020 жылы аталған бағдарлама­ның барлық қаржыландыру көздерінен бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру тапсырмасы аясында 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр (Бағдарламаның жоспарларын іске асыру нәтижелері 2021 жылдың басындағы статистикалық мәліметтер негізінде анықталады). Жыл соңына дейін 15 миллион шаршы метр (150 мың тұрғын үй) салынады деп күтілуде.

Сонымен бірге, осы жылдың 11 айында 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға артық. Жалпы республикада 106,1 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 37,7 мың жеке тұрғын үй, 17,6 мың мемлекеттік қолдау арқылы салынған үйлер. Осы кезеңде тұрғын үй құрылысына 1,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылды, бұл 2019 жылғы деңгейден 33,4%-ға жоғары.

«Айта кету керек, бағдарлама­ны іске асыру жеке инвестицияларды тартуды ынталандырды. Сондықтан осы жылдың 11 айының қорытынды­лары бойынша. инвестицияланған 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 4 теңге жеке инвестиция тартылды», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Тұрғын үйлердің көп бөлігі, шамамен 10,9 миллион шаршы метр немесе 89,6% жеке құрылыс салушылар мен тұрғындардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Мемлекеттік сектор пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 9,7%-ын құрайды (немесе шамамен 1,2 млн шаршы метр).

Сонымен бірге тұрғын үйді пай­далануға беру бойынша көшбасшылар – Нұр-Сұлтан қаласы (157,1%), Шығыс Қазақстан (118,8%), Қарағанды (117,4%), Солтүстік Қазақстан (112%), Түркістан (110, 8%) облыстары.

Жалпы, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өткен жылмен салыстырғанда өсуі елдің 15 облысында байқалады: Шығыс Қазақстан (118,8%), Қарағанды (117,4%), Солтүстік Қазақстан (112%), Түркістан (110,8 %), Қостанай (106,6%), Маңғыстау (105,8%), Ақтөбе (104,7%), Жамбыл (104,3%), Алматы (103,2%), Ақмола (102,8%), Павлодар (101,4%), Батыс Қазақстан (100,3%), Нұр-Сұлтан (157,1%), Шымкент (104,2%) және Алматы (101,9%) қалалары.