Белгілі этнограф, шығыстанушы Нығмет Сәбитовтың 125 жылдығына орай халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғалымның ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметіне арналған шараға ет жақындары мен тарихшылар қатысса, түркі елдерінің мамандары онлайн байланысқа шықты. Жиын кезінде Нығмет Сәбитовке арналған кітаптың да тұсауы кесілді.
Тарих ғылымдарының докторы Серік Әжіғалидың айтуынша, ғалым Қазақстанның гуманитарлық-қоғамдық ғылымдарға үлкен үлес қосқан.
«Әсіресе шығыстану ғылымын қалаушы деуге болады», деді ол.
«Аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп тірі қалудың өзі үлкен мәселе болған кезде бұл кісі аянбай жұмыс істеді. Мысалы, Абай жайында кімдер зерттеді, қандай жерде қандай еңбектер жарық көрді, шетелде қандай еңбектер жарық көрді солардың тізімін жасады», деді тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев.