Кеше, 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, Индонезия, Иран, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 19 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz
2 113 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 783 адам, анықтамасыз 330 ҚР азаматы болды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 849 жолаушы, анықтамамен - 730; анықтамасыз - 119;Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 122 жолаушы, анықтамамен - 922, анықтамасыз - 200; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз - 11;Петропавл қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
2020 жылдың 23 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 259 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.