Түркістан облысы Сарыағаш ауданында карантин кезінде жұмыс істеген букмекерлік кеңсені анықталды. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сарыағаштық полицейлер рейдтік жұмыстар жүргізу кезінде Жетісай-Шымкент тас жолы бойында түнгі уақытта букмекерлік кеңсенің жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Тексеру барысында ойынхана ішінде 4-5 келуші болған.
Аталған жайт қылмыстық кодекстің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркелді.
Сонымен қатар заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескеріліп, ойынханадан 6 дана процессор, 2 дана ойын аппараты мен чек-фиксаторы айғақты зат ретінде тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.
Қазіросы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ойынханаға қатысты мән-жайды толық тексеріп жатыр.
Сонымен қатар ойынхана иесіне ӘҚБтК-нің 425-бабы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша хаттама толтырыды.