Шетелдік ғалымдар коронавируспен күресте пайдасы бар алты өнімді атады. Арасында балық өнімдері, айран мен жүзім де бар, деп жазады Egemen.kz.
Зерттеу нәтижесін Daily mail хабарлады. Ғалымдар келешекте коронавирустың адамзатқа әлі де қауіп төндіретінін айтып, дәрі-дәрмексіз емдеу жолын іздеп жатыр. Сондай-ақ, инфекция қауіпін азайту және аурудың таралуының алдын алудың жолын іздеуде.
Бұл ізденістегі басым бағыттардың бірі тамақ ғылымы мен тамақтану болып отыр. Ғалымдар дүкеннен алынған әртүрлі тауардың коронавируспен күрестегі әсерін зерттеп, пайдалы өнімдерді атады.
Бірінші қатарда балық өнімдері тұр. Одан кейін қара шоколад пен жүзім, айран, грейпфрут тұқымы сығындысы да бар. Е234 нөмірімен де белгілі бактериялар шығаратын және көптеген консервілерде кездесетін табиғи тағам консерванты да бұл тізімді толықтырды. Алты өнімнің ішіне теңіз балдырлары да кірді.