Қарағандыда "АрселорМиттал" компаниясы жалпы құны 35 миллион теңге болатын 200 концентраторды Теміртау орталық ауруханасына тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Концентраторлардың өнімділігі минутына 5 литр таза оттегіні құрайды. Аппаратта бір құрылғыны екі науқасқа бөлу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда орталық ауруханада бір уақытта 500 науқасты оттегі көзіне қосуға болады. Оттегі концентраторлары қалалық ауруханалар арасында таратылады.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бүгінгі күні тұрақты екенін атап өтті.
«Облыста 44 инфекциялық госпиталь ашылды. Олардың тек 17-сі жұмыс істейді, қалғаны сақталады. Техникалық жағынан медициналық ұйымдар толық жабдықталған. Компьютерлік томографтардың қажетті саны, рентген аппараттары, оттегі концентраторлары, сондай-ақ 600 ӨЖЖ бар. Оның ішінде қазіргі таңда КВИ бар пациентті емдеуге тек біреуі ғана тартылған», деп атап өтті Қасымбек.
Өңір басшысына жаңа рентген аппараты, урологиялық және пульмонологиялық бөлімшелер таныстырылды. Пульмопровизор кешенінің қуаты – 36 төсек. Палаталарда медициналық газдармен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесін қосу нүктелері шығарылды, санитарлық торап жабдықталды.
Урология бөлімінде Осакаров, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.