Қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰОД ұйымының бар екендігі туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров.
Пайдаланушылардың айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерін қабылдауда.
Шындығында, мұндай ұйым жоқ.– Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекен жай бойынша және жалпы, елорда аумағында «ҰАҚ» деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.Айта кетейік, фейк ақпараттың бастапқы дереккөзі жойылды.