Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы – 2020» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында хабарланды.
Конкурс коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтті. Байқаудың ресми сайтында қатысушыларға 1-24 желтоқсан аралығында дауыс берілді.
Қазақстандық Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинады.
Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2008 жылы шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұптың екі қыз, екі ұлы бар.