• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

«Алқа» ақындарды жинады

270 рет
көрсетілді

Еуразия ұлттық университетінде «Алқа» әдеби клубының ұйымдастыруымен «Ең бірінші бақытым» атты Астана студенттерінің айтысы өтті. Дүбірлі бәсекеге қаламыздағы төрт жоғары оқу орнының суырыпсалма ақындары қатысты.

Еуразия ұлттық университетінде «Алқа» әдеби клубының ұйымдастыруымен «Ең бірінші бақытым» атты Астана студенттерінің айтысы өтті. Дүбірлі бәсекеге қаламыздағы төрт жоғары оқу орнының суырыпсалма ақындары қатысты.

«Айтыс – сөз барымтасы» деп заңғар жазушымыз Мұх­тар Әуезов айтпақшы, ата-бабадан ұрпаққа мирас болып қалған байлығымыз бүгінгі күні де барынша дәріптеліп келеді. Студенттер сайысына Сейіт Қасқабасов, Рақымжан Тұрысбек, Балғынбек Имашев, Намазәлі Омашев, Кенжеғали Мыржықбай, Қалқаман Са­рин, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тастанбекқызы, Жан­дар­бек Бұлғақов, Мұқтар Ния­зов сынды белгілі өнер жана­шыр­ларының қазылық етуі де тегін болмаса керек.

Алдымен айтыскерлер бес жұпқа бөлініп, өзара бақ сынады. «Тұлпарда да тұлпар бар, Қазанаты бір бөлек, Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек» демекші, додадан оза шапқандар ақтық сайыста кездесті. Сөйтіп, бас жүлдені Еуразия ұлттық университетінің үшінші курс студенті Мейірбек Сұлтанхан еншіледі.

Айтыскерлердің барлығына дерлік «Жәдігер» қоғамдық қоры мен «Сенім» кәсіподақ ұйымының атынан түрлі бағалы сыйлықтар табысталды.

Камшат ЖҰБАТХАНОВА,

Еуразия ұлттық университетінің

1-курс студенті.

Соңғы жаңалықтар