• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Желтоқсан, 2020

Маңғыстауда сотталғандар мекемесі тексерілді

173 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында 2020 жылы 24 желтоқсанда Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері Ролан Абкадыров және Александр Муха Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерін аралап шықты, деп деп хабарлайды Egemen.kz.

Аралау барысында сотталғандардың жататын орындары, мекеменің асханалары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, қатаң жағдайда ұстау орындары, кездесу бөлмелері тексерілді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері мекемелерді аралау барысында сотталғандардың қолжетімді орындарына (жасақтарға) адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимоваға, қоғамдық байқау комиссияларына, ұлттық алдын алу тетігіне, сондай-ақ прокуратураға жолдау үшін арыз-шағым салуға арналған жәшіктердің бар-жоғына, жасақтардағы сотталғандардың жатын орындарының жай-күйіне ерекше назар аударды.

Сотталғандармен сұхбат жүргізіп, жеке сұрақтарымен жүгінген сотталғандарды қабылдады.

Мекемелерді аралау барысында комиссия мүшелерінің жанында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қанат Жарылғапов, мекеме бастықтары мен олардың орынбасарлары, тәрбие және режим бөлімдерінің бастықтары бірге жүрді.

Аралау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мекеме қызметіне қанағаттанарлық деген баға беріп, жазбаша не болмаса ауызша ұсынымдар қалдырмады.