• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Желтоқсан, 2020

Атырауда қылмыстың қай түрі жиі жасалатыны хабарланды

490 рет
көрсетілді

Атырау облысында жасалған қылмыс ішінде ұрлық пен алаяқтық көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың мәлімдеуінше, пандемияға байланысты өңірде тіркелетін қылмыс саны төмендеген. Алайда әлі де жасалған қылмыстардың басым бөлігін ұрлық (34,8%) пен алаяқтық (27,3%) құрап отыр.

«Мәселен облыс аумағында жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде  қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 5 797-ден 3 985-ке, оның ішінде қылмыс 33,6%-ға азайды. Сондай-ақ орта  және аз дәрежелі  қылмыстар саны 4384-тен 2203-ке дейін төмендеді» дейді Қамза Үмбетқалиев.