Алты жыл бұрын елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған Жастар театры Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев шығармаларының желісімен қойылған «Шыңғыс хан» спектаклімен шымылдығын ашқан еді. Осы аралықта ізденіс үстіндегі жас театр ұжымы халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, бірнеше рет Гран-при иегері атанды.
Алты жыл бұрын елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған Жастар театры Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев шығармаларының желісімен қойылған «Шыңғыс хан» спектаклімен шымылдығын ашқан еді. Осы аралықта ізденіс үстіндегі жас театр ұжымы халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, бірнеше рет Гран-при иегері атанды.
Бүгінгі таңда талантты жастар құрамымен жасақталған жас театрдың репертуарында жиырмаға жуық қойылым бар. Сондай-ақ, алғаш рет труппа құрамында Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын биыл бітіретін 4-курс студенттері әлемдік тәжірибеде дуалды оқыту жүйесі бойынша тәжірибе алмасып жатқан жайы бар.
Желтоқсан айының басында аталмыш театр мәдениеттің ордасы Алматыда кіші гастрольдік сапарын өткізді. 2-желтоқсан күні Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» сахналық повесі, 3-желтоқсан күні С.Раевтің «Меккеге қарай ұзақ жол» қойылымдарын ұсынды. Бұл қойылымдардың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Аталмыш спектакльдер қазақ театр өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында өтті.
Осы кіші гастрольдік сапарды ұйымдастыруға ұлттық театр өнерінің қарашаңырағы – М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұрындық болғанын айтып өткен абзал.
Алматы қаласына бастаған гастрольдік сапар жайында «Жастар театрының» директоры Айболат Сексенбаев:
– «Астаналық Жастар театры аз жылдық тарихы болса да шығармашылық бағытын айқындаған, өз көрермендері бар ұжым. Репертуарымызда 20-ға жуық әртүрлі жанрды қамтитын көркемдік деңгейі жоғары қойылымдарымыз көрермендеріміздің көңілдерінен шығуда. Бұл гастрольдік сапарды ұйымдастыруға әлемдік тәжірибеге енгізілген «Дуалды оқыту жүйесі» бағдарламасы сеп болды. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенттері мен театрымыздың кәсіби актерлері бір сахнада өнер көрсетті.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.