• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Желтоқсан, 2020

Атырауда дәрі-дәрмек бағасы төмендейді

271 рет
көрсетілді

Атырауда коронавирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер бағасы төмендейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен дәріханалар желісі бар «Семейное здоровье» және «Acme contract services» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында дәрі-дәрмектердің құнын төмендетуге арналған меморандумға қол қойылды.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аумағында антицидті препараттардың, ПТР-тестілердің және медициналық маскалардың құнын төмендету үшін ережелер әзірлеуді тапсырды. Қазірдің өзінде COVID-19 инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын 20 пайызға төмендету мақсатында  шаралар қабылданды. Дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету үшін отбасылық және әлеуметтік дәріханалар желісімен жұмыс жүргіздік», дейді өңірлік департамент директоры Дияс Жәнібеков.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.